AV/IT-дистрибутор және жүйелік интегратор

AGS PRO Engineering кәсіби AV/IT-жабдықтары мен керек-жарақтарының көпсалалы дистрибьюторы болып табылады.
Біз жайлы
Қазақстандағы кәсіби AV/IT-жабдықтарының көпсалалы дистрибьюторы.

Біздің команда ProAV нарығында терең білім мен көпжылдық тәжірибеге ие. Бұл біздің серіктестерімізге тек бірегей инновациялық шешімдерді ұсынуға және оларға жоғары сапалы кәсіби қызметтерді көрсетуге көмектеседі.

AGS өнімдерінің сұрыпталымы кәсіби AV-жабдықтарының кең ауқымын қамтиды: бейнелеу жүйелері (проекторлар мен проекциялық экрандар, СК және жарықдиодты дисплейлер және т.б.), бейнежабдықтар (бейнені басқару, өңдеу және тарату жүйелері, BYOD жүйелері және т.б.), дыбыстық жабдықтар (үйдегі Hi-Fi, ірі коммерциялық шешімдер және сызықтық массивтер, басқару, байланыс жүйелері және т.б.), конференц-байланысқа арналған жабдықтардың толық ауқымы, кабельдер, керек-жарақтар және басқа да тауар топтары.

Біз тиімді жоғары технологиялық шешімдерімен танымал жетекші әлемдік брендтермен ғана жұмыс істейміз. Сіз оларды барлық жерде кездестіре аласыз: кафелерде, мейрамханалар мен барларда, театрлар мен мұражайларда, мемлекеттік және спорт нысандарында, қоймаларда, кеңселерде, университеттерде, жағдаяттық орталықтарда, сауда орталықтарындағы және көлік инфрақұрылымы нысандарындағы Digital Signage ақпараттық-жарнамалық желілерінде.

Біздің стратегиямыз – жеткізушілермен және клиенттермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас құру.

AGS-тің негізгі құндылығы – бұл қызмет көрсетудің ең жоғары сапасы және әрбір серіктеске жеке көзқарас!
Біздің брендтеріміз
Біз ең тиімді кәсіби AV-шешімдерін ұсынатын жетекші халықаралық танымал брендтермен жұмыс істейміз.
Біз кәсіби AV/IT жабдықтарының толық спектрін ұсынамыз.
Өнім
Бейнелеу
жүйелері
Проекторлар мен проекциялық экрандар, СК және жарықдиодты дисплейлер, интербелсенді дисплейлер және т.б.
AV-коммутация және басқару жүйелері
Басқару жүйелері, бейнені өңдеу және тарату, BYOD жүйелері және т.б.
Жазу және тарату жүйелері
Камералар, стримерлер,
жазғыштар және т.б.
Аудиожабдық
Үйдегі Hi-Fi, ірі коммерциялық жүйелер мен сызықтық массивтер, басқару жүйелері, байланыс жүйелері және т.б.
Конференция және конгресс жүйелері
Бейне-конференциялық-байланысқа арналған шешімдер, микрофондар, пікірталас жүйелері, моторландырылған лифттер және т.б.
Кабельдер мен керек-жарақтар
Кабельдер, ағытпалар, кабельдерді басқару жүйелері, бекіткіштер, реле және сезбектер және т.б.
AGS өз серіктестеріне жан-жақты қолдау ұсынады

Біз – ProAV нарығының кәсіпқойлар командасымыз. Біз салалық өзгерістер мен тенденцияларды бақылап отырамыз және серіктестерімізге ең үздік шешімдер мен қызметтерді ұсыну үшін жұмыс дағдыларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз.

AGS басымдығы – біздің серіктестеріміздің қажеттіліктері!
  • Кез келген күрделіліктегі кәсіби AV/IT-шешімдер Pro AV/IT solutions of any complexity
    AGS әртүрлі коммерциялық, мәдени және мемлекеттік мекемелер үшін кәсіби AV/IT-шешімдерін табысты жеткізеді және іске асырады. AGS инженерлері, техникалық мамандары және дизайнерлері өндірушілердің беделді оқу орталықтарында сертификатталған.
  • Идеядан бастап жүзеге асыруға дейін жобаны толықтай қолдау
    AGS жабдықты таңдаудан, сату алдындағы қызметтерден және жеткізушілерді іздеуден бастап жобаны әзірлеуге және енгізуге көмектесуге және сатудан кейінгі техникалық қолдауға дейін жобаның барлық кезеңдерде өз серіктестерін қолдайды.
  • Әрбір серіктеске жеке көзқарас Individual approach to each partner
    Біз, AGS компаниясы, өз беделімізді бағалаймыз және серіктестерімізге тек тексерілген кәсіби AV-шешімдерін ұсынамыз. Біз серіктестерімізге кез келген күрделіліктегі жобаларды жүзеге асыруға көмектесеміз.
Байланысу
Алматы
Бөгенбай Батыр к., 132
311-кеңсе
agspro@agspro.kz
© AGS PRO Engineering 2023. Барлық құқықтар сақталған
Made on
Tilda